Олардың ішінде - бүкіл әлемге танымал Chevron, ConocoPhillips, GlaxoSmithKline, FedEx Express, Halliburton және басқа да ірі компаниялар бар, деп хабарлады ҚР-дың АҚШ-тағы елшілігінің баспасөз қызметі.
Американдық қатысушылар Қазақстанның инвестициялық іскерлік ахуалы мен ҚР және АҚШ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық болашағына аса мүдделік танытып отыр.
Өз кезегінде, американдық компаниялар ҚР Үкіметінің қолға алып жатқан шетел инвестицияларын қорғау және тарту шараларына, сонымен қатар Қазақстанның салықтық-бюджеттік және әлеуметтік саясатына жоғары баға берді.