деп хабарлады ҚР Велоспорт федерациясының баспасөз қызметінен.
Аталған жарыстың ақтық мәресінің қорытындысы бойынша Track Team Astana командасының спортшысы Сұлтанмұрат Миралиев 16-шы, ал Қазақстан ұлтық құрамасының өкілі Матвей Никитин 19-шы нәтиже көрсетті.
«1992 жылы туған Матвей Никитин ағымдағы жылы ғана жасөспірімдер қатарынан шыққан болатын. Ол кезеңде де жақсы нәтижеге қол жеткізіп, Азия чемпионатында жүлдегер атанды. Қазір де өзін жақсы қырынан көрсете білді. Ал Сұлтанмұрат Миралиев бағдарламаның дәл осы түрінен қазіргі уақытта Қазақстан чемпионы», - дейді Track Team Astana командасының бас жаттықтырушысы Вадим Кравченко.