АСТАНА. ҚазАқпарат - Велоспорттан Қазақстан құрамасы Азия біріншілігінің алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүбірлі дода кеше басталған болатын. Бахрейнде өтіп жатқан жарыста ел намысын «Астана» велоклубының шабандоздары қорғады.
Олар: Алексей Луценко, Дмитрий Груздев, Даниил Фоминых, Бахтияр Қожатаев, Андрей Зейц және Жандос Бижігітов.
Екінші орынды Жапония шабандоздары иеленсе, үздік үштік Гонконг спортшылары түйіндеді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.