Қазақстан велоспорты федерациясы Александр Винокуровқа қатысты жаланы негіссіз деп санайды

АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше швейцариялық «Иллюстре» басылымында белгілі қазақстандық велошабандоз Александр Винокуровқа қатысты негіссіз жала жабылып отыр,

деп санайды Қазақстан велоспорты федерациясы.

«Қазақстан велоспорты федерациясы әрқашан спорттың әділ болуын қалайды. Осы орайда біздің велошабандоздар тек спорттық күш-жігерді ғана ұстанады»,-делінген аталған федерациясының таратқан мәліметінде.

«Александр Винокуров «Про Тим Астана» командасының капитаны болып табылады. Ол бүгінде табысты спортшы ретінде еліміздің болашақ чемпиондары үшін тек велосипед спортында ғана емес, сонымен қатар басқа да тартысты додаларда үлгі болып отыр. Федерация Александрдың спортта өзінің жеңісті жолын жалғастыратынына және еліміздің қоғамдық өмірінде тиісті үлес қосатынына сенім артады»,-делінген таратылған мәліметте.

Швейцариялық журналистер А. Винокуровты 2010 жылы Льеж-Бастонь жарысы барысында ресейлік Александр Колобневке пара берді деп жала жауып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Александр Винокуров «Нұр Отан» ХДП атынан ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылып отыр.