Онда қазақстандық велоспорттың өткені мен бүгіні туралы деректер қойылды. Сонымен қатар, көрменің ашылу салтанатында Велоспорт федерациясының техникалық директоры Александр Антышев олипиада чемпионы Александр Винокуровтың спортшы ретінде қалыптасу барысы туралы сыр шертті.
«Біз Александр Винокуров деген кім екенін алғаш рет 1987 жылы білдік. «Қазақстан оқушысы» жарысында алдыңғы топта 12 шабандоз келе жатты. Бірақ соңғы сәтте олардың алдында бір кішкентай баланың ағызып келе жатқанын байқадым. Мен оны бұзақылық жасап жүрген бала шығар деп қуып жібермек болдым. Алайда ол қолын көтеріп, «мен жеңдім» деп айғайлады. Сол жарыста Винокуров жеңіске жетті, алайда ол негізгі топтағы балалардан 3 жас кіші еді. Міне, сол сәттен бастап Винокуровтың бағы жанды. Қазақстанда болашақта басқа да Винокуровтар туатынына сенемін!» - дейді А. Антышев.
Оның айтуынша, сол кездерде велосипедпен көп адам жаттығатын.
«Биыл 44-ші «Қазақстан оқушысы» жарысы өтеді. Бұл жарыстың тарихында жалпы есеппен 6337 бала қатысты. Ең жемісті жыл 1981 жыл болды. Онда бірінші кезеңнің сөресіне 45 команданың 268 шабандозы шыққан болатын. Бұдан шығатын қорытынды, сан бар жерде сапа да болады, яғни неғұрлым көп адам спортқа қатысса, арасынан чемпион шығу мүмкіндігі соғырлым көп болмақ», - деді ол.