Аталған комиссия жұмысына тең төраға ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев пен Венгрия тарапынан Мемлекеттік хатшы-Венгрия Премьер-министрі Әкімшілігінің Басшысы Михай Варга бастаған делегация өкілдері қатысты.
Аталған шара негізінен Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбанның Қазақстанға ресми сапары аясында өткізіліп отыр. Үкіметаралық комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес, тараптар екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайына баға беріп, Қазақстан мен Венгрия арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытуға қатысты маңызды мәселелерді кеңінен қарастырды.
«Бүгінгі таңда Қазақстан мен Венгрия қарым-қатынасының жағдайы мен перспективалары орнықтылығымен сипатталады және елдер арасында саяси немесе басқа да сипатта қандай да бір қайшылық орын алған емес. Венгрия Қазақстанның сыртқы саясатындағы Шығыс Еуропа бағытының маңызды орынын иеленіп келеді. Сонымен қатар, Венгрия Қазақстанның Шығыс Еуропадағы ең белсенді экономикалық серіктесі болып табылады», - деді жиынды ашып көз сөйлеген Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев.
Кездесу барысында тараптар екіжақты келісімшартар мен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан мен Венгрия арасындағы үкіметаралық комиссияның хаттамасына қол қойды.