Сенатордың атап өтуінше, Қазақстан қазір халықаралық жаһандық форумдарды көптеп өткізіп жүр. Соның арқасында еліміз әлемдік дискуссия алаңына айналды.
«Сіздерді жетінші Астаналық экономикалық форум мен Дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік конференцияның онлайн-жобасына белсене қатысуға шақырамыз. Біз әлемдік қауымдастықтың пікірі мен қалауын біліп барып, аталған конференциялардың бағдарламасын жасағымыз келеді», - деді С. Нөгербеков.
Айта кету керек, Астана экономикалық форумы әлемдегі ең беделді де ірі форумдардың бірі болып саналады. Жылда өтетін бұл форумға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады. VII Астана экономикалық форумы 2014 жылдың 21-23 мамырында өтеді деп жоспарланған.