Utro.ru сайтының жазуынша, бұл мәселе Windows операциялық жүйесі базасының құрылғыларына қатысты болып отыр. Зерттеу нәтижесіне қарағанда, вирусқа қарсы бағдарламалар орнатылса да компьютерлердің шамамен 5 пайызы вируспен зақымданған, ал «қорғалмаған» құрылғылардың ішінде оның үлесі 13 пайызды құрады.
Мамандардың деректеріне сүйенсек, әлемде 1,5-2 млрд. дербес компьютер бар екен және оның үштен екі бөлігі үйде немесе шағын компанияларда пайдаланылады. Атап айтқанда, құрылғылардың дәл осы бөлігі вируспен зақымдануға жақын тұрады.
Вирус «жұқтырған» дербес компьютерлердің елеулі бөлігі Ресейде, Украинада, Беларусьта, Қазақстанда және Түркияда анықталды. Сонымен қатар, бұл тұрғыда Индонезия, Таиланд, Филиппин, Вьетнам, Үндістан мен Мысырдағы жағдай да мәз емес көрінеді. Ал компьютерлері вируспен ең аз зақымданған елдердің қатарында Германия, Австрия, Швейцария, сондай-ақ Чехия бар.