Қазақстан волейбол федерациясынан мәлім еткеніндей, ерлердің ұлттық құрамасы А тобына түсті.
Топтық кезеңдегі қарсыластары: Жапония, Пәкістан, Өзбекстан.
Ерлер арасындағы волейбол жарысы 27 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтеді.
Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасы В тобына түсті. Қазақстандық волейболшылар топтық кезеңде Қытай және Филиппинмен кездеседі.
Әйелдер арасындағы волейбол додасы 16-22 қыркүйекке белгіленген.
Пәкістанның Исламабад қаласында волейболдан ерлер командалары арасында өтіп жатқан Орталық Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы бүгін Өзбекстанмен шеберлік байқасты.
Аса тартысты өткен матчта Сергей Трикоз жаттықтыратын қазақстандықтар өзбекстандықтарға жол берді — 2:3 (25:19, 22:25, 29:27, 24:26, 14:16).
Алты команда қатысып жатқан жарыста қазақстандықтар әлі үш ойын өткізеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан Орталық Азия чемпионатында Қазақстан тартысты матчта Непалды ұтқанын жазған едік.