Қазақстан волейболдан ұлттар кубогының жартылай финалына топта бірінші орынмен шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Филиппиннің Кандон қаласында өтіп жатқан AVC Ұлттар кубогында Қазақстан әйелдер құрамасы жартылай финалға жолдама алды.

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитет мәліметтеріне қарағанда, топтық кезеңдегі соңғы матчта қазақстандық волейболшылар Вьетнам құрамасын 3:2 есебімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан В тобындағы барлық кездесуде жеңіске жетіп, турнирдің жартылай финалына бірінші орынмен шықты.

Жартылай финалда ұлттық құрама А тобында екінші орын алған командамен кездеседі.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанның волейболдан әйелдер құрамасы Азия кубогында бірінші орын алған болатын.