АСТАНА. ҚазАқпарат - Волейболдан Индонезияның Сурабая қаласында ерлер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы араға 24 жыл салып жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Отандастарымыз ширек финалда қытайлық Тайпей командасымен сынға түсіп, 3:0 есебімен басым түсті.
Қазақстан құрамасы өз тарихында екінші рет Азия чемпионатының жартылай финалына шығып отыр. Отандастарымыз алғаш рет 1993 жылы «сары құрлық» додасының жартылай финалына шығып, осы жылы құрлық біріншілігінің күміс жүлдегері атанған болатын. Содан бері ондай ірі жетістікке әлі күнге қол жеткізе алмай келеді.
Жартылай финалдағы Қазақстан құрамасының қарсыласы Оңтүстік Корея - Қытай арасындағы матчта анықталады. Жартылай финалдық ойындар бүгін, яғни 31 шілдеде өтеді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.