«Біз энергетиканы дамытуды ядролық энергетиканың толыққанды саласын құрумен байланыстырамыз», - деді Н.Назарбаев. Сонымен қатар Мемлекет басшысының атап өтуінше, еліміздің дәстүрлі энергетикасы көмір, мұнай және газ сынды ресурстарға негізделеді. Дегенмен Қазақстан әлемде уран өндіруден 2-ші орында тұрғандықтан бұл салаға да назар аударып, бүгінде Ресеймен бірлесіп, атом электр стансасын салу мәселесін егжей-тегжейлі қарастыруда. «Қазіргі уақытта біз бұл іспен нақты айналысудамыз», - деді Елбасы.
13:48, 05 Ақпан 2014
Қазақстан ядролық энергетиканың толыққанды саласын құруға ниетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ядролық энергетиканың толыққанды саласын құруға ниетті. Бүгін Ақордада Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар өкілдерімен кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.