Бүгін елордада өтіп жатқан «Ядролық қарусыз әлем үшін» форумында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.
«Қазақстан МАГАТЭ қамқорлығымен әрекет ететін халықаралық ядролық отын депозитарийі үшін өзінің кандидатурасын ұсынғаны белгілі. Біз бұл мәселенің оң шешілетініне сеніммен қараймыз. Қазақстан әрқашан да ядролық қаруды таратпау, ядролық қарусыздану және ядролық энергетиканы бейбіт мақсатта пайдалану мәселесінде халықаралық қауымдастық үшін ең сенімді әріптес болып келді, солай болып қала береді де», - деді Елбасы Н. Назарбаев өз сөзінде.