Қазақстан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне 31 тарихи және мәдени ескерткіштерді ұсынады

None
АЛМАТЫ. 14 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне «Ұлы Жібек жолының ескерткіштері» аталымына ұсынуға алғашқы кезеңдегі 8 нысанды таңдап алды. Оны бүгін Алматыда өтіп жатқан Ұлы Жібек жолы жөніндегі 2 күндік халықаралық форумда Мәдениет және ақпарат вице-министрі Асқар Бөрібаевтың құттықтауын оқып берген Министрліктің мәдениет жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Әлия Әбілдинова айтты.

«Ұлы жібек жолы» ең ұзақ сауда бағыты емес, ең алдымен ықпалдастық жолы, Шығыс пен Батыстың арасындағы алмасу мен сұхбат ретінде қарастырылуда. Ол 2 мың жыл бойы адамзат өркенитетінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. «Жібек жолы» феноменін зерттеуге деген қызығушылық оны ЮНЕСКО (БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының) Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу мүмкіндігін қарауға алып келді. Оның нәтижесі «Ұлы жібек жолы ескерткіштері» сериялы трансұлттық аталымы болып отыр», - дейді өз құттықтауында А.Бөрібаев. Оның айтуынша, Қазақстан тарапы Жібек жолының негізгі Жетісу, Сырдария, Сарыарқа және Маңғышлақ кесінділері бойынша 31 тарихи және мәдени ескерткіштерді ұсынбақ. Оның ішінде Жетісудағы Ақыртас археологиялық кешені, Есік, Бесшатыр қорымдары; Сырдарияның Отырар оазисіндегі ескерткіштер, Түркістан, Сауран және Сығанақ; Сарыарқадағы Бозоқ және Маңғыстаудағы Сарайшық бар. Олардың арасынан алғашқы кезекте Жібек жолының Жетісу кесіндісі бойынша 8 ескерткіштің тізімі жасалды. Сарапшылармен бұл ескерткіштерді сақтаудың менеджмент-жоспары жасалып, жоба мен барлық мәліметтер ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар орталығына жіберілді.