Қазақстан заңнамаларына құқық қорғау қызметін жетілдіру бағытында өзгерістер енгізетін заң жобасы Мәжіліске жіберілді
13:27, 22 Қыркүйек 2011
ТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Мәжіліске қайтарды.
Отырыс барысында аталмыш құжатқа қатысты баяндаманы Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің төрағасы Берік Имашев жасады. Оның сөзіне қарағанда, заң жобасы Қылмыстық кодекстің бірқатар баптарының санкцияларындағы көпнұсқалылықты азайтуға және экономикалық қылмыстар туралы заңнаманы ізгілендіруге бағытталған. Сонымен қатар құжат сотта қылмыстық істі жүргізуді және құқық қорғау қызметін жетілдіруге бағытталған. Депутаттар құжатқа жекелеген мәселелердің мағынасын нақты түсіндіру және терминдерге байланысты бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет деген байлам жасады. Осыған байланысты заң жобасы Мәжіліске қайтарылды.