Қазақстан заңнамасын бұзған Израиль азаматы айыппұл төлейді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Заңнамасын бұзған Израиль азаматы жарты миллион теңгеге жуық айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қалалық сотына сілтеме жасап.

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық соты ҚР «Азаматтық туралы» заңнама талаптарын бұзған Т деген азаматтың ісін қарады. Қазақстан азаматы болып табылатын Т  2017 жылы 7 қыркүйекте Израиль азаматтығын алған. Ол шетел азаматтығын алғандығы туралы мемлекеттік органдарға уақытында хабар бермеген. Осыған орай, сот оны кінәлі деп тауып, 453 800 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді», - делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.