Мамандандырылған әкімшілік соты ҚР Әкімшілік қылмыстық кодекстің 496-бабы 2-бөліміне сәйкес АҚШ азаматшасын жуапкершілікке тартты.
Әйел өткен жылдың 9 сәуірінде АҚШ азаматтығын алған.
Бірақ қазақстандық төлқұжаты мен жеке бас куәлігін өткізбеген.
Осылайша оның екі азаматтығы болған. Бұл Қазақстанда заңмен қудаланады.
Сот қарауында әйел кінәсін мойындады.
Сот шешімімен ол айыпты деп танылып, 200 АЕК мөлшерінде, яғни 453 800 теңге айыппұл төлейтін болды.