Қазақстан жағажай ойындарынан алғаш рет жеңіске жетті
14:00, 12 Мамыр 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемдік жағажай ойындарында Қазақстан алғашқы жеңісіне қол жеткізді деп жазады Olympic.kz.
Үшінші жарыс күнінде жағажай футболынан Қазақстан командасы 5:1 есебімен Норвегияны жеңді.
Алғашқы голды норвегиялық ойыншы өз қақпасына соғып алғанын айта кету керек.
Қазақстан - Норвегия 5:1
Голдар: Кристофферсен, Тюльпа, Мұралинов (2), Демешко, Сальвесон.