АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Шанло қаласында жағажай волейболынан Азия чемпионаты басталды.
Аталған байрақты додада төрт қазақстандық жұп өнер көрсетеді.
Ерлер арасындағы бәсекеде Дмитрий Яковлев пен Абдулмажид Мохаммад, сонымен қатар, Сергей Богату мен Кирилл Гурин сынға түседі.
Әйелдер арасында Кристина Каримова және Екатерина Рюхова, сондай-ақ, Мерей Қожахмет пен Лаура Қабылбекова бақ сынайды.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 6 қыркүйекке дейін жалғасады.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.