Турнир Португалияда өткен еді. Қазақстандық команда екінші топта бірінші орынға шығып, финалға жолдама алды. Олардың қарсыласы 1-топта жеңіске жеткен Әзербайжан футболшылары болды.
Финалдық ойын аса тартысты өтті. Күрес кездесудің соңғы минутына дейін толастаған жоқ. Матч қорытындысында қарсыластар жеңістерін тойлады – 1:2. Үшінші орынды Румыния еншіледі.
Азербайжан А дивизионына жалғыз жолдаманы жеңіп алды.