Doing Business елдер рейтингісін қалыптастыруда негізге 10 индикатор алынған.
Осы жылдың зерттеулеріне сәйкес, Қазақстан «Кәсіпкерлерді тіркеу» индикаторы бойынша 41- орынға (өткен жылғы рейтингте 45-ші орында болған), «Құрылыс жүргізуге рұқсат алуда» 52-орын (22-ші), «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» - 70- орын (75-ші), «Меншік иелерін тіркеу» - 17 орын (18-ші), «Кредиттер алу» - 77 орын (75-ші), «Миноритарлық инвесторларды қорғау» - 1-орын (3-ші), «Салық алымдары» - 50-орын (60-шы), «Халықаралық сауда-саттық» - 123-орын (119-ші), «Келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ету» - 6-орын (9-шы), «Төлем қабілетсіздігін шешу» - 39 орынға (37-ші) тұрақтаған.
Doing Business рейтингісі жыл сайын жарияланады және ол 190 мемлекетті қамтиды.