Бас хатшының айтуынша, елде болып жатқан өзгерістер Қазақстанның одан әрі дамуы үшін маңызды мәнге ие.
— Бүгін Қазақстан үшін аса маңызды күндердің бірі. Конституциялық реформаны жүзеге асыру елдің болашағына жасалған маңызды қадам, — деді Доменико Палмиери.
Ол жаңа институционалдық тетіктерді енгізу жүйелі жұмысты және мемлекеттік құрылымдардың оларға бейімделуін талап ететінін атап өтті.
— Жаңа институционалдық өзгерістер іс жүзінде жүзеге асырылуы тиіс. Бұл дамудың жаңа кезеңінің бастауы, — деді сарапшы.
Палмиери сондай-ақ конституциялық өзгерістер мемлекеттік органдардың жұмысы мен әлеуметтік-экономикалық саланы қамтитынын атап өтті.
Оның пікірінше, Қазақстанның одан әрі дамуы жаңа ережелердің қаншалықты тиімді жүзеге асырылатынына байланысты болады.
— Жаңа Конституция алдағы өзгерістерге негіз қалайды. Ендігі маңызды міндет осы өзгерістердің іс жүзінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, — деп қорытындылады Доменико Палмиери.
Бұған дейін ТМД байқаушылары дауыс беру нәтижелеріне ықпал етуі мүмкін бұзушылықтарды байқамағанын айтқан еді.