Қазақстан және Англия құрамалары арасындағы футбол ойыны бүгін алғаш рет қазақ жерінде өтеді

АЛМАТЫ. Маусымның 6-сы. ҚазАқпарат /Дәурен Жайлин/ – Бүгін Алматыдағы Орталық стадионда сағат 21:00-де Қазақстан және Англия футбол құрамалары арасында әлем біріншілігінің іріктеу матчы басталады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қазақстан және Англия құрамалары арасындағы ойын алғаш рет қазақ жерінде өткелі отырғанын естеріңізге саламыз. Отандық футбол тарихында тұңғыш рет екі құрама арасындағы матч 2008 жылы қазан айында Лондондағы Уэмбли стадионында өтті және 90 000 көрерменді жинап Ұлыбританияда үлкен қызығушылық туғызған болатын.Англиямен өтетін матчқа Қазақстан құрамасының 24 ойыншысы мәлімделген, олардың ішінде қақпашылар ? Александр Мокин, Мұрат Мұқашев, Александр Григоренко; қорғаушылар ? Юрий Логвиненко, Илья Фомичев, Александр Кислицын, Фархадбек Ырысметов, Александр Киров, Вячеслав Эрбес, Ренат Абдулин; жартылай қорғаушылар ? Андрей Травин, Сергей Скорых, Руслан Балтиев (жарақат алған), Азат Нұрғалиев, Ұлан Қонысбаев, Сабырхан Ыбраев, Андрей Карпович, Жамбыл Көкеев; шабуылшылар ? Сергей Остапенко, Таңат Нөсербаев, Ерзат Кенбаев, Сергей Хижниченко, Евгений Аверченко, Денис Малинин бар.Біздің құраманың негізгі міндеттерінің бірі ? бас жаттықтырушы Б.Шторктың сөзі бойынша ? «ағылшындар қақпасына доп соғу».Алматыға Ұлыбританиядан мың жарымнан астам фанаттар келеді деп күтілуде. Матч кезінде қаладағы тәртіпті 4 000-нан, оның ішінде стадионның өзінде мың жарымнан астам полицейлер күзететін болады.Алматыдағы Орталық стадионға 22 000 көрермен сияды, ал әлемдегі үздік футболшылардың ойынын көруге құштар жанкүйерлердің саны одан екі есе көп.Ойын аяқталғаннан кейін сағат 23:00-де баспасөз мәслихатын өткізу жоспарланған.