Келіссөздердің қорытындысы бойынша, тараптар Қазақстан Республикасы Қазғарыш ұлттық агенттігі мен Біріккен Араб Әмірліктері Абдел Азиз Король атындағы ғылыми-техникалық қаланың арасында ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу мен пайдалануда ынтымақтастық орнату туралы келісімге қол қойды.
Р ҚҰА төрағасы Талғат Мұсабаев келісімге қол қойылу рәсімінің салтанатынан кейін, Қазақстан ғарыш саласын зерттеу және ғарыш саласында араб мемлекеттерімен өзара іс-қимыл орнатуға үлкен көңіл бөлетінін атап өтті.
Өз кезегінде ғылыми-техникалық қаланың президенті Мұхаммед бен Ибрагим әл-Суэйль араб ғалымдары жетекші ғарыш мемлекеттерімен халықаралық ынтымақтастықты орнатып жатқандығын жеткізді. Енді бұл қатарға Қазақстан да қосылып отыр.