Қазақстан және Грузия Премьер-Министрлері инновациялық жобалар көрмесін аралап шықты
20:58, 06 Желтоқсан 2011
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астананың халықаралық әуежайында біздің елімізге жұмыс сапарымен келген Грузияның Премьер-Министрі Николоз Гилауриді қарсы алды, деп хабарлайды Facebook-те.
Қысқаша әңгімелесуден кейін Үкімет басшылары инновациялық жобалар көрмесі өтіп жатқан Тәуелсіздік сарайына барды.
Кәрім Мәсімов Николоз Гилауриді республиканың инновациялық жетістіктерін көрсететін көрменің экспозициясымен таныстырды.
Қосымша ақпаратты www.pm.kz сайтынан қараңыз.