Михаил Джанелидзе Қазақстанға ресми сапармен 16-17 мамырда келеді.
Кездесуде екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда екіжақты қарым-қатынастардың бүгінгі ахуалы мен оларды дамыту перспективаларын талқылап, екі жақтың мүддесіне қатысы бар өзекті халықаралық және өңірлік мәселелер жөнінде пікір алмасады.
Келіссөздердің қорытындылары бойынша екі елдің сыртқы істер министрліктерінің арасындағы 2018-2019 жылдарға арналған Ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылады.