Қазақстан және Литва әділет министрлері кездесті
Кездесудің басты мақсаты - екі мемлекеттің әділет министрліктерінің ынтымақтастығын орнату. Кездесу барысында Р.Түсіпбеков Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің атынан Литваның Бірінші Президенті Альгирдас Бразаускастың қайтыс болуына байланысты литва халқына көңіл айтты.
Кездесуге қатысушылар өз мемлекеттеріндегі құқықтық саясатты іске асыру барысы туралы, сондай-ақ әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары бойынша ведомствоаралық ынтымақтастық перспективаларына қатысты пікір алмасты.
«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының, сондай-ақ еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің аясында Министрлік алдына бірқатар жаңа міндеттер қойылды. Заң жобалау жұмысын жақсарту, бизнес ашуды жеңілдету, пенитенциарлық жүйені ізгілендіру және азаматтарға қызмет көрсетуді оңтайландыру салаларын халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге ұмтылудамыз» - деп атап көрсетті өз сөзінде Әділет министрі Р.Түсіпбеков.
Литва делегациясы Қазақстанға бұл күндері Астана қаласында өтіп жатқан толеранттық және кемсітпеушілік жөніндегі ЕҚЫҰ-ның жоғарғы деңгейдегі конференциясына қатысу үшін келген.
Кездесу қорытындысы бойынша Әділет министрі Рашид Түсіпбеков ынтымақтастық туралы ведомствоаралық келісім жасауды ұсынып, литвалық әріптесіне аталмыш келісімнің жобасын ұсынды