Екі ел арасындағы өзара түсінушілік пен сенімнің өсу қарқынын арттыру мақсатында Қазақстан тарапының бастамашылық етуімен екі мемлекеттің кеден қызметтерінің конструктивті диалогы өтті.
Күн тәртібі кеден ынтымақтастығының 11 өзекті сұрағын қамтыды. Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы кеден қызметтері арасындағы энергия ресурстарының өткізілуіне деректер алмасу шеңберінде «Түркіменстан-Қытай» газ құбыры арқылы өткізілетін газға кедендік бақылауды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Тараптар халықаралық тасымалдауда көлік құралдарын пайдаланған кезде Кеден одағының Кеден кодексін бұзған Өзбекстан Республикасының резиденті болып табылатын тұлғалардан кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өндіріп алуда өзара көмек көрсету туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы кеден қызметтері арасындағы тиісті Іс-шаралар жоспарын әзірлеумен есірткі контрабандасына және басқа да тыйым салынған заттарға қарсы күрес желісі бойынша бірқатар мәселелер қарастырылды.
Өзара саудадағы кедендік статистика деректерін салыстыру, Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы кедендік ынтымақтастық шеңберіндегі халықаралық шарттардың шартты-құқықтық базасын түгендеу бойынша жұмыс өткізілді.