Қазақстан және Ресей омбудсмендері адам құқығын қорғау мәселелерін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі А.Шәкіров Мәскеу қаласында Ресей Федерациясының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Т. Москальковамен кездесті, деп хабарлайды уәкілдің баспасөз қызметі.

Ресей омбудсменінің шақыруы бойынша өткізілген кездесу барысында қазіргі жағдайда адам құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету күрделі бір топ мәселелері, атап айтқанда ұлттық құқық қорғау механизмдерді жетілдіру, пайдалы тәжірибе мен ақпараттық алмасу, мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды дамыту, сондай-ақ халықаралық және өңірлік құқық қорғау ынтымақтастықты кеңейту талқыланды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша ұлттық құқық қорғау мекемелер арасында ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығы атап өтілді.