Қазақстан және Түрікменстан газ саласындағы серіктестікті талқылады
АСТАНА. KAZINFORM - «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Ашхабадқа сапары аясында Түрікменстанның министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Батыр Аманов және «Türkmengaz» мемлекеттік концернінің төрағасы Мақсат Бабаевпен кездесті, деп хабарлайды «QazaqGaz» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Фото: «QazaqGaz» ҰК» АҚ
Екіжақты келіссөздер аясында тараптар қос мемлекеттің газ саласындағы серіктестігін нығайту жолындағы жоспарларын талқылады.
Фото: «QazaqGaz» ҰК» АҚ
Жекелей алсақ, тараптар өндіру активтерін бірлесіп игеру, екі ел территориясындағы газ жобаларын жүзеге асыру мен өзара тиімді шарттар аясында газ жеткізу мәселелері туралы сөз қозғады.
Кездесу соңында тараптар газ саласындағы серіктестікті кеңейтуге дайын екендіктерін жеткізді.
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.