Ұсынылған ақпараттарға сәйкес, еркін сауда-саттық жөніндегі екіжақты келісімдер өз күшіне енген сәттен бастап - 2016 жылдың қазан айынан 2017 жылдың шілдесіне дейінгі аралықта Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері мен Вьетнам арасындағы сауда айналымы 2015-2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,8%-ға артты.
Беларусь Республикасы мен Вьетнам Республикасы арасындағы сауда айналымы 23,3%, Ресей Федерациясымен - 5,5%-ға өсті.
Әсіресе, одақ елдерінен Вьетнамға азық-түлік өнімдері мен ауыл шаруашылығы шикізаттары, сонымен қатар, металл және металл бұйымдары көптеп жеткізілетіндігі айтылды.