Бұл бүгін «Сапа және дағдарыс: мүмкіндіктер» деген атпен өтіп жатқан сапа бойынша 4-ші Алматы халықаралық форумында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Қазақстан-Жапон адам ресурстарын дамыту орталығы сапа жөніндегі Алматы халықаралық форумымен өз ынтымақтастығын 1-ші мәжілісті өткізуден бастады. Оған жетекші жапон компанияларындағы сапаны бақылау саласындағы біздің сарапшыларымыз қатысты. Бұл жолы біз "Global Development Management Consultants" Inc. компаниясының бас директоры Такефуми Готоны таныстырамыз", деді Қазақстан-жапон адам ресурстарын дамыту орталығының бас директоры, Эйтаро Митома өз сөзінде. Оның айтуынша, бұл орталық өз қызметінде сапа мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Өндірістік және өндірістік емес компаниялар және бизнес-қызмет жеткізушілер үшін сапаны басқару мен сапа менеджменті бойынша түрлі тренингтер мен семинарлар өткізеді.