Сапар барысында жапондық «Sumitomo», «Marubeni», «Nippon Express», «HitachiConstruction Machinery», «Chiyoda Technol», «Sumitomo Mitsui BankingCorporation», «Sojitz», «Terra Drone», «JOGMEC», «Nikke Group» сияқтыкомпаниялар мен ұйымдардың басшыларымен бөлек кездесулер өтті.
Кездесулер барысындаҚазақстанда машина жасау, энергетика, ауыл шаруашылығы, логистика, мұнайхимиясы, жеңіл өнеркәсіп, робототехника және ақпараттық коммуникациялықтехнологиялар салаларында жүзеге асырылып жатқан және әлеуетті бірлескенжобалар талқыланды. Қазақстандық тарап жапондық компанияларға еліміздегіинвестициялық ахуалды жақсарту және инвесторлар үшін мүмкіндіктерді кеңейтубойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.
Жапондық инвесторларҚазақстанның экономикасына инвестиция салуға қызығушылық танытып,мемлекетіміздегі ағымдағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы хабарлады.Мәселен, әлемдегі төртінші ірі логистикалық «Nippon Express» компаниясыағымдағы жылғы тамызда Қазақстанда өзінің Орталық Азиядағы өкілдігінің ресмиашылғанын атап өтті.
Қазақстанда 2004 жылданбері жұмыс істеп келе жатқан «Hitachi Construction Machinery» компаниясытау-кен техникасына қызмет көрсететін аймақтық орталығын құру үстінде. «JOGMEC»мұнай, газ және металл жөніндегі ұлттық корпорациясы сирек кездесетін жерметалдарды өңдеу технологияларын дамыту саласындағы ынтымақтастықтыжалғастыруға ниетті. Жапонияның ірі «Sumitomo Mitsui Banking Corporation»банкінің басшылығы «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингімен бірлесіп ашылғаннесиелік желіні мүмкіндігінше белсенді түрде пайдалануды ұсынды.
Сонымен қатар, ағымдағыжылғы 2 тамызда қазақстандық делегацияны басқарған Сыртқы істер министрініңорынбасары Ермек Көшербаевтың Жапонияның Сыртқы істер министрлігінің парламенттік вице-министрі КэнджиЯмадамен кездесуі өтті. Кездесу барысында екі ел арасындағы экономикалықынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Жапония тарапыҚазақстанның екі ел арасындағы инвестициялық өзара әрекеттестікті кеңейтужөніндегі бастамаларын қолдауға дайын екендігін мәлімдеді.
Делегация құрамындаИндустрия және инфрақұрылымды даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптікқауіпсіздік комитетінің, Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетініңжәне «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның өкілдері болды.