Қазақстан Жапонияға гуманитарлық көмек көрсетуде

АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қазақстан Жапонияға гуманитарлық көмек көрсете бастады.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Жапонияға 83 250 банкі темір қалбырдағы ет және 918 келі зарарсыздандыру құралдары түрінде гуманитарлық жүк жөнелтеді», - делінген хабарламада.

Материалдық құндылықтар ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетінің қоймаларынан тиелді. Гуманитарлық жүкті Наританың (Жапония) әуежайына дейін ҚР ТЖМ-ның авиациясы жеткізетін болады. 42 480 банкі ет құтысы тиелген жүктің бірінші рейсі 2011 жылдың 11 сәуірінде жөнелтілді.