Комитет басшысы бүгінде еліміз инвестицияны өзара ынталандыру және қорғау тұрғысындағы келісімді әлемнің 44 елімен бекіткенін айта келе: «сонымен қатар ЕурАзЭҚ аясында көпжақты бір келісім бекітілді. Мұнымен қоса қазіргі кезде Жапониямен инвестицияны ынталандыру және қорғау жөніндегі келісім қаралып жатыр»,-деп атап өтті.
19:35, 03 Қараша 2010
Қазақстан Жапониямен инвестицияны ынталандыру және қорғау жөніндегі келісімді қарастырып жатыр
АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан Жапониямен инвестицияны ынталандыру және қорғау жөніндегі келісімді қарастырып жатыр. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Асылхан Серіков айтты.