Министр хабарлағандай, ағымдағы жылы Гватемала, Ливан, Шри-Ланка сияқты елдерге 450 мың доллар көлемінде гуманитарлық көмек берілді. Қазіргі кезде Ауғанстанға тиісті көмек көрсету мәселесі қаралуда. «Ал 2011 жылдан бері шетелдерге 12,6 млн. доллар көлемінде гуманитарлық көмек берілді», - дейді В.Божко.
17:34, 25 Желтоқсан 2013
Қазақстан жарты миллион долларға гуманитарлық көмек көрсетті
АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстан жарты миллион долларға жуық қаржыға гуманитарлық көмек көрсетті. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.