Курстар 16 қазаннан бастап «Отар» 40-шы әскери базасының оқ-дәрілерді қайта өңдеу пунктінде өтуде. Ол 30 қазанға дейін жалғасады.
Жарылғыш заттарды залалсыздандырудың (ЖЗЗ) оқыту бағдарламасы халықаралық стандарттарға сәйкес ЕҚЫҰ-ға қатысушы Орталық Азия мен Ауғанстандағы мүдделі елдер үшін ЖЗЗ операциялары ауқымында ұлттық потенциалды арттыруға бағытталған. Бұл курс Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанның әскери мамандарына арналған. Оған ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерден 45-тен астам өкіл қатысуда.
Сарапшы ретінде АҚШ-тың (USRCENT), Ұлыбританияның, Сербия мен Словенияның Гуманитарлық минасыздандыру орталығының мамандары шақырылды.
Курстың теориялық бөлімі «Бейбітшілік мақсаттағы серіктестік» (ҚАЗЦЕНТ) оқу-жаттығу орталығының базасында, ал практикалық сабақтар «Отар» 40-ншы әскери базасының оқ-дәрілерді қайта өңдеу пунктінде өтуде. Семинар барысында жарылғыш заттардың тәуекелін қысқарту және оларға ден қою мәселелері қарастырылып, жарылғыш зарттарды залалсыздандыру мәселелері бойынша ақпарат пен тәжірибе алмасу көзделеді. Бұдан өзге, семинардың тақырыбы бойынша Қазақстанның ұлттық тәжірибесі туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері семинардың ашылу кезінде сөз сөйледі.