Қазақстан жас хоккейшілерінің қарсыластары қалай ойнады

Шайбалы хоккейден 20 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатында екінші турда Қазақстан жастар құрамасының қарсыластары қалай ойнағаны белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Kazinform

Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға жалғыз жолдаманы 10-16 желтоқсан аралығында IA дивизионында Франция, Дания, Жапония, Венгрия және Аустрия құрамаларымен сарапқа салып жатыр.

Үшінші турда қазақстандық жастар Франциядан 4:0 есебімен басым түсті.

Ал бұл турда Жапония Венгрияны овертаймда 5:4 есебімен жеңсе, Дания Австрияны 4:3 есебімен сүріндірді.

Қазіргі дейін қазақстандық хоккейшілер Венгрия (5:2), Дания (3:2) және Франциядан (4:0) басым түсті.

Алғашқы үш турдан кейін тоғыз ұпаймен Қазақстан көш басында келе жатса, Франция мен Австрияның 6, Данияның 3, Жапонияның 2, Венгрияның 1 ұпайы бар.

Енді қазақстандық хоккейшілер 14 желтоқсанда Жапониямен кездессе, 17 желтоқсанда Австриямен шеберлік байқасады.

Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионаты бірінші дивизионында алты мәрте ойнады. Төртеуінде жеңімпаз атанып, элиталық дивизионға жолдама алған еді.