АСТАНА. ҚазАқпарат – Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында командалық әлем чемпионаты Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінің топтық бәсекелері аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазақстандық жасөспірімдер өз тобында үш кездесу өткізді.
Сергей Квактың шәкірттері Иордания мен Сингапурды жеңгенімен, бүгін соңғы ойында Аустралияға есе жіберді – 0:3.
Осылайша, ертең Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ширек финалда Жапониямен шеберлік байқасады.
Жапондықтарды жеңген жағдайда қазақстандықтар жартылай финалға шығып қана қоймай, жазда Чехияның Простеев қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның алғаш рет Майами мастерс турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Елена Рыбакина Серена Уильямстің тарихи нәтижесін қайталады. Сондай-ақ Елена Рыбакина эйс жасау жөнінен әлем теннисшілерінің көшін бастады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).