«Қазақстан жасөспірімдері - ЕҚЫҰ елдерінің көшбасшыларына» атты шығармалар байқауының қорытындылары шығарылды

АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат - «Қазақстан жасөспірімдері - ЕҚЫҰ елдерінің көшбасшыларына» атты жалпыұлттық оқушылар шығармаларының байқауының қорытындылары шығарылды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, байқауға қатысу үшін қазақстандық жоғарғы (9-11) сынып оқушыларына ағылшын тілінде ЕҚЫҰ елдері басшыларының біріне немесе барлығына арналған жолдау хат түріндегі, өзінің халықаралық қауіпсіздік пен ынтымақтастық, қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша жеке көзқарастарын жеткізетін шығарма жазу ұсынылды. Ақырында байқау ұйымдастырушыларының атына еліміздің барлық аймақтарынан оқушылардың 200-ге жуық шығармалары түсті.

Білім және ғылым министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің жауапты қызметкерлері және Шетел инвесторлары кеңесінің өкілдерінен тұрған қазылар алқасы байқауға қатысқандардың арасынан үш жеңімпаз таңдады.

3-орынға Павлодар облысы Екібастұз қаласының № 1 лицей-мектептің 11 «Б» сынып оқушысы Жанель Байділдина ие болды.

2-орын Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Дулати атындағы № 8 гимназияның 11 «А» сынып оқушысы Ділназ Ирисметоваға берілді.

1- орын мен гран-приді Павлодар облысы Екібастұз қаласының №7 гимназия-мектептің 10 сынып оқушысы Юлия Бурмистрова жеңіп алды.

Шетел инвесторлары кеңесіне мүше компаниялар, дәлірек айтқанда ENRC Kazakhstan, «МЕТРО Кэш энд Кэрри» ЖШС және «Мицубиси Корпорэйшн», жеңімпаздарға жүлделер ретінде үш ноутбук ұсынады. Гран-при иесіне ноутбукпен қоса «Австрия әуежолдарының» Қазақстандағы өкілдігі «Астана-Вена-Астана» бағытымен әуебилетті ұсынады. Ал «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы үш жеңімпазға Бурабайдағы «Балалық арман аралы» сауықтандыру кешеніне жолдамалар береді. Онда балалар жылдың кез келген кезеңінде 21 күн тегін демала алады.

Жүлделер 29 қарашада сағат 11.00-де СІМ-нің Астанадағы баспасөз орталығында арнайы баспасөз мәслихаты барысында тапсырылады.


Байқау барысы көрсеткендей, ЕҚЫҰ-ға төрағалығық етуіміздің арқасында Қазақстан жастары Ұйымның қызметіне, Еуразиядағы бейбітшілікті пен өзара түсіністікті қамтамасыз ету мен адам құқықтарын дәріптеуде мемлекеттер арасындағы ықпалдастық мәселелеріне деген елеулі қызығушылық туып үлгерді. Бозбалалар мен бойжеткендер қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша жеке көзқарастарымен бөлісіп, сонымен қатар бұл мәселелердің шешу жолдарын ұсынды.

«Байқау қорытындылары, сонымен қатар жас қазақстандықтардың халықаралық мәселелерді шешудегі Ұйымның рөлін арттыру мен барлық мүше-мемлекеттер тұрғындарының арасында Ұйымның танымалдылығы мен беделін нығайту сияқты ЕҚЫҰ қызметінің өзекті мәселелері бойынша жазған өткір, тікелей әрі нақты ұсыныстары саясаткерлер мен беделді халықаралық ұйым қызметкерлерінің назарын аударары сөзсіз», деп атап өтті ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Роман Василенко.