Алғашқы кезеңде есепті жерлестеріміз сапынан Никита Писмаркин ашқанымен, қарсыластардан Жан Глейзес есепті теңестіріп кетті.
Екінші және үшінші 20 минуттықтарда француз Александр Тексье мергендігімен көзге түсіп, дубль авторы атанса, қазақстандықтар арасынан Әділбек Жанғазинов, Самат Данияр және Александр Борисевич қақпаны дәл көздеді.12 сәуірде Қазақстан құрамасы Германиямен өзара кім мықтыны анықтайды, деп жазады sports.kz.
Қазақстан U-18 - Франция U-18 - 4:3 (1:1, 0:1, 3:1) Шайбалар: 1:0 - 04:08 - Писмаркин (Ғабдуллин, Орехов) 1:1 - 14:54 - Глейзес (Муньос, Аддамо) 1:2 - 35:13 - Тексье (Робе) 1:3 - 45:27 - Тексье (Губи, Приссайнт) 2:3 - 47:39 - Жанғазинов (Назаренко) 3:3 - 58:17 - Данияр См. (Писмаркин, Данияр Сн) 4:3 - 58:46 - Борисевич (Сабуров) Қақпашылар: Бояркин - Ришар.