Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатында семсерлесуден қола медаль иеленді

Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасы семсерлесуден Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Отандастарымыз семсерлесуден командалық сайыста жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

— Аталған сында Қазақстан намысын Кирилл Проходов, Нұржан Әбжанов, Яков Федотов, Нариман Уәлихан қорғады. Турнир барысында қазақстандық семсерлесушілер Жаңа Зеландияны (45:31) және Өзбекстанды (44:33) жеңді. Жартылай финалда ұлттық құрама Гонконгқа (37:45) жол беріп, нәтижесінде жарысты үшінші орынмен аяқтады, — делінген хабарламада.

Осыдан бұрын Қазақстан әйелдер құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатында қола жүлде иеленгені белгілі болды.