Қазақстан жасөспірімдер құрамасының Дэвис кубогіндегі қарсыластары анықталды

Фото - ҚТФ

Испанияның Кордова қаласында жасөспірімдер арасында Дэвис кубогі финалдық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Kazinform.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазақстандық жасөспірімдер D тобына түсті.

Онда Қазақстан құрамасы Италия, Оңтүстік Корея және жасөспірімдер арасында Дэвис кубогінің алты дүркін чемпионы Испания командасымен ойнайды.

Бүгін қазақстандық жасөспірімдер Италия құрамасымен сынға түседі.

Беделді жарыста ел намысын Әмір Омарханов, Заңғар Нұрланұлы және Дамир Жалғасбай қорғайды. Команда капитаны Сергей Квак.

Жасөспірімдер арасында командалық әлем чемпионаты 30 қазан – 5 қараша аралығында өтеді. Ширек финалға әр топтан екі үздік құрама шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын WTA қорытынды турнирінде Елена Рыбакинаның алғашқы матчында жеңіліп қалғанын жазған едік.