Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға жалғыз жолдама үшін 10 және 16 желтоқсан аралығында Франция, Дания, Жапония, Венгрия және Аустрия құрамаларымен кездеседі.
Турнирге дайындық аясында хоккейшілер 28 қарашадан бастап «Барыс Аренада» оқу-жаттығу жиынын өткізді.
Бүгін, 3 желтоқсанда құрама Будапештке оқу-жаттығу жиынының екінші кезеңіне аттанады. Онда 5 және 7 желтоқсан күндері Венгрия және Франциямен екі жолдастық матч өткізеді. Ойындар 5 және 7 желтоқсанға жоспарланған.
Қазақстан жастар құрамасының кеңейтілген тізімі:
Қақпашылар: Владимир Никитин (Chilliwack Chiefs, BCHL, Канада), Владимир Истомин («АКМ-Юниор», МХЛ), Артем Шестаков («Снежные барсы», МХЛ)
Қорғаушылар: Артем Авдеенко, Роман Большедворский, Бейбарыс Оразов, Глеб Решетько, Мстислав Шипилин (барлығы – «Снежные Барсы», МХЛ), Дмитрий Бреус («Чайка», МХЛ), Кирилл Хан («Торпедо», Өскемен), Диар Манаш, Даниал Шақшақбаев («Номад», Pro Ligasy)
Шабуылшылар: Әділ Бейсембаев, Артур Гросс, Роман Ермак, Кирилл Ляпунов, Александр Мигунов, Асанали Русланұлы, Семен Симонов, Никита Ситников, Егор Смольянинов (барлығы – «Снежные Барсы», МХЛ), Александр Ким, Дәулет Нүркенов (екеуі - Assat, Финляндия), Всеволод Логвин, Руслан Оспанов (екеуі – «Барыс»).
Қазақстан жастар құрамасының ойын кестесі:
10.11.2023, 21:00. Венгрия – Қазақстан
11.12.2023, 21:00. Қазақстан – Дания
13.12.2023, 17:30. Қазақстан – Франция
14.12.2023, 17:30. Қазақстан – Япония
17.12.2023, 00:30. Австрия – Қазақстан
Қазақстан жастар құрамасы элиталық дивизионда сегіз мәрте бақ сынады. Жоғары жетістігі – 1999 жылы алтыншы орын.
Еске салсақ, биыл шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасына бас бапкер тағайындалды.