Қазақстан жастар құрамасының футболшысы 15 минутта үздік нәтиже көрсетті

АСТАНА. KAZINFORM – BBC 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Англия мен Қазақстан жастар құрамалары арасындағы матчқа қатысқан футболшылардың ойынына баға берді, деп хабарлайды Sports.kz .

Фото: Sports.kz.

Кездесудің үздік ойыншысы деп Уилл Лэнкшир танылды. Ол 69-минутта алаңға шығып, 90 1-минутта гол соқты. BBC оның ойынын 8,62 ұпайға бағалады.

Қазақстан құрамасында ең жоғары бағаны «Қайсар» клубының жартылай қорғаушысы Саламат Жұмабеков алды. Ол алаңда небәрі 15 минут ойнағанына қарамастан, 5,50 ұпай жинады. Футболшы екінші таймда қосалқы құрамнан шыққан.

– Қазақстан құрамасы сапында Саламат Жұмабеков өзгелерден айқын басым нәтиже көрсетті. Небәрі 15 минут ойнаған жартылай қорғаушыға 5,50 ұпай берілді, – делінген мәліметте.

Қазақстандық футболшылар арасында екінші көрсеткіш «Астана» жартылай қорғаушысы Мақсат Абраевқа тиесілі. Оның ойыны 3,00 ұпайға бағаланды. Қалған қазақстандық ойыншылардың бағасы 2,67-ден 2,80 ұпайға дейінгі аралықта болды.

Осы жеңістен кейін Англия құрамасы 22 ұпай жинап, D тобында көш бастап тұр. Қазақстан төрт ұпаймен алтыншы, соңғы орында келеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының екі футболшысы матчтарға қатыса алмайтын болды.