Қазақстан жастарының 90,4 пайызы өзін патриот санайды
18:35, 30 Қаңтар 2009
АСТАНА. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Қазақстан жастарының 90,4 пайызы өзін патриот санайды.
Бұл туралы Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің депутаттық сауалға берген жауабында айтылған. Өткен жылдың желтоқсан айында Мәжіліс депутаттары Айткүл Самақова, Сағынбек Тұрсынов, Мұхтар Тінікеев, Тоқтарбай Қадамбаев, Рамазан Сарпеков, Қайрат Сәдуақасов және Азамат Тұрсыновтар ел Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің атына жастарға патриоттық тәрбие беру бағытындағы қандай істер атқарылып жатқандығы жөнінде депутаттық сауал жолдаған еді. ҚазАқпарат Үкімет басшысының парламентшілерге берген жауабының толық мәтінін назарға тартады. Құрметті депутаттар!
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі ? Мемлекеттік бағдарлама) іске асырылу жөніндегі іс-шаралар жоспарының нәтижелері жөнінде келесіні хабарлайды.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 143,5 млн. теңге, атап айтқанда 2006 жылы ? 27,9 млн. теңге, 2007 жылы ? 63,5 млн. теңге, 2008 жылы ? 52 млн. теңге бөлінді және осы қаржы толық игерілді.
Мемлекеттік бағдарламаның аясында 2006-2008 жылдары 800-ден аса іс-шара, атап айтқанда, 2006 жылы ? 12 республикалық, 2007 жылы ? 352 (28 республикалық, 324 өңірлік), 2008 жылы ? 447 (21 республикалық, 426 өңірлік) іс-шара өтті. Осы шараларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін 3,5 млн астам бала мен жасөспірім жеткіншектер қатысты.Іс-шаралардың ішінде айрықша атап өтетіні ? жыл сайынғы «Менің Отаным ? Қазақстан», «Бұл ? біздің Байрақ», «Бұл ? біздің Әнұран», «Қазақ тілі ? Ана тілі» және «Біз өзіміздің болашағымызды жасаймыз ? Біз жаңа Қазақстанды жасаймыз!» акциялары, еуразиялық идеяның дамуына байланысты халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, халықаралық қазақ тілінің сессиясы т.б.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы №174 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Азаматтарға патриоттық тәрбие беру жөніндегі республикалық кеңес құрылды. Аталған кеңестің бірінші отырысы 2007 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары, Президент Әкімшілігінің, орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының, Республикадағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен өтті. Отырыста азаматтарға патриоттық тәрбие беру жөніндегі өзекті мәселелер, патриоттық тәрбие беру саласындағы мүдделі органдардың өзара қарым-қатынасын нығайту шаралары қарастырылды. 2008 жылғы 24 желтоқсанда Азаматтарға патриоттық тәрбие беру жөніндегі республикалық кеңестің екінші отырысы өтті. Отырыста Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының нәтижелері қарастырылды. Сондай-ақ, Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруды ақпараттық-насихаттық қолдау мақсатында 2007-2008 жылдарға арналған Медиа-жоспар бекітті.Патриоттық тәрбие мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында 80-нен астам республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде «Қазақстан», «Хабар», «Ел арна», «Мир», «31 арна», «Рахат» телеарналары мен «Каспионет» спутниктік телеарнасы арқылы насихатталды. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде еліміздегі мемлекеттік рәміздер, мемлекеттік және жауынгерлік қызмет салалары белсенді насихатталды. Үш республикалық акция, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған Қазақстан патриоттарының 2 жалпыреспубликалық форумы, 11 республикалық конференция, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізілді. Сонымен қатар 2008 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мәселелері жөнінде көшпелі отырысы өтті. Онда Білім және ғылым вице-министрі Ф.Қуанғанов «Білім беру жүйесінде қазақстандық патриотизмді қалыптастыру» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Осы отырыстың қорытындысы бойынша еліміздің азаматтарына патриоттық тәрбие беруді жетілдіру жөніндегі ұсынымдар қабылданып, одан әрі жасау үшін мемлекеттік органдарға жіберілді.Азаматтарға патриоттық тәрбие беру мәселелеріне қатысты ақпараттық-әдістемелік жинақтар, түсініктемелер, ақпараттық-сараптамалық материалдар әзірленді. Этникаралық қатынас мәселесіне, еуразиялық идеяны дамытуға қатысты халықаралық ғылыми-практикалық конференция қорытындысы бойынша конференция материалдарының жинағы жарық көрді. Қазақстанда қазіргі қоғамдық-саяси байланысты қалыптастыруға арналған республикалық байқау нәтижесінде қатысқан студенттердің жұмыстары бойынша жинақ басылып шықты. Патриоттық тәрбиені күшейту, Қазақстанның Астанасын насихаттау және оң имиджін қалыптастыру мақсатында оқушылар арасында өткен байқаулар мен олимпиада жеңімпаздарына арналып Астана қаласына экскурсия ұйымдастырылды. Аталған шараны ұйымдастыруға оқу орындарының, жалпы білім беретін мектептердің ата-аналары атсалысты. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2006-2007 жылдары Астанаға 75 000-нан астам адам танысу мақсатында келді. Өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу және ерлікке баулу мақсатында білім беру салаларында жастарға Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен, құқық қорғау органдары өкілдерімен, спортшылармен тақырыптық кездесулер өткізілді. Қорғаныс минстрлігімен бірлесіп Ұлы Отан соғысына арналған Қорғаныс күштермен, жауынгерлік құрам, сондай-ақ еңбек және соғыс ардагерлерімен жеке кездесулер өтті.
Мемлекеттік бағдарламаның жастарға әсерін анықтау мақсатында 2006 жылдан бастап жыл сайын «Қазақстанның жас азаматтарының патриоттық көңіл-күйі: бағасы, үрдістері, проблемалары мен болашағы» атты әлеуметтік зерттеулер жүргізіп келеді.
Қоғамдық пікірдің қорытындысы бойынша 2008 жылы азаматтардың 90,4 пайызы өздерін патриот деп санайтынын көрсетті. 2007 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 21,1 пайызға өсті. (2007 жылы ? 69,2%, 2006 жылы - 53,4%). Жастардың айрықша бөлігі (19%) патриот болу дегенді бірінші кезекте мемлекеттік тілді білу деп түсінеді. Сондай-ақ кейбір жастар патриоттықты өз елінің тарихын білумен (16,9%), азаматтық белсенділікпен (14,3%) байланыстырады.Қорыта айтқанда, зерттеулер Қазақстан жастарының патриот екенін, өз Отанын сүйетінін, сонымен бірге жастар арасындағы патриоттық тәрбиені дамытуға қатысты проблемаларды шешуге болатынын көрсетті. Мемлекеттік бағдарлама Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие беріп, отансүйгіштік сезімдерін күшейтті деп ойлаймыз.