Қазақстан жастарының МедиаОдағы «Let's speak қазақша!» жаңа жобасын қолға алды

АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат /Кенжеболат Жолдыбай/ - Жастар Медиа-одағы ҚР Мәдениет министрлігінің және Қазақстан журналистері одағының қолдауымен «Let's speak қазақша!» атты жаңа жобаны қолға алды.

Танымал журналист Светлана Ғалиева жетекшілік ететін Медиа-одақтың бұл бірегей жобасының мақсаты - қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары журналистерінің арасында үштілділікті насихаттау.

Жобаның жүзеге асырылу форматы да ерекше. Ұйымдастырушылар қазақстандық масс-медиалардың редакцияларында көшпелі тренингтер өткізбек. Мұндай басқосулар қазіргі таңда Алматы, Астана, Қарағанды және Щучинск қалаларының журналистерімен өткізілді. Алда тағы бірқатар өңірлерде ұйымдастырылатын болады.