Дақылдың алғашқы бұтақтары өсе бастаған кезде шөпті түбінен кеседі. Содан кейін оны жуып, шырын сығатын құрылғыдан өткізеді. Қою жасыл сусын болып шығады. Түсінің өзі адамды баурайды, ал иісінен бас айналады. Сусын құрамында қуатты антиоксидант көзі бар.
«Әрбір адам бұл бұтақтарды үй жағдайында өсіре алады, - дейді Елена Суслова. - Бірақ қала тұрғыны үшін бір ай уақыт қажет».
Жапонияда осындай өнімді - бидай өскінінен құрғақ ұнтақты қазірдің өзінде шығарады. Алайда оның құны арзан емес, оның үстіне кептірілгеннен кейін оның емдік және жасарту қасиеттері жоғалады. Елена Суслованың пікірінше, Қазақстанда осы табиғи өнімді өндіруге толық мүмкіндік бар. «Бір стақан шырынды ішіп алғаннан кейін ұйқы басу жоғалады, тәбетің көтеріліп, көңіл-күйің жақсарады, күні бойы өзіңді сергек сезінесің және ән салғың келеді, - деп пікірімен бөліседі Елена. - Әйелдер мен ерлерде жыныстық құштарлық пайда болады. Бір стақан шырын ішкеннен кейін мен тіпті 10 шақырымдық қашықтыққа жүгіре аламын».