«Қазақстан батыл қадам жасады. Бұл ел жасыл экономиканың плюсі мен минустарын айқындап алды. Және де сол үшін тиісті реформаларды әзірлеп, оларды қабылдай бастады», - деді Г.Вайс.
Ол бүгінгі панельдік сессия барысында жасыл эколномика қандай дүниелерге кепілдік бере алатынын, ол экономикалық өсімді қамтамасыз ете ала ма деген мәселелер талқыланатын атап өтті.
«Қазақстанның жаңа экономикалық ахуалына қарай отырып, жасыл экономика мен жасыл экономикалық өсім тұжырымдамаларын іске асыруға мүмкіндік беретін салаларды айқындап алу керек», - деді Г.Вайс.