Қазақстан жел энергиясына үміт артады: 2030 жылға дейін 3,1 ГВт жоспарланған

Фото: Фото: ҚР Энергетика министрлігі

АСТАНА.KAZINFORM — Жел энергетикасы — Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы инвесторлар үшін ең тартымды бағыт болып отыр. Бұл елдің жоғары жел әлеуетіне байланысты: жыл бойғы орташа жел жылдамдығы электр энергиясын тиімді өндіруге мүмкіндік береді. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлім етті. 

Бүгінгі таңда жел электр станциялары (ЖЭС) ЖЭК нысандарының жалпы қуатында ең үлкен үлесті алады — шамамен 3 ГВт ішінен 1,5 ГВт астамы жел энергетикасына тиесілі.

— Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2030 жылға дейін Бірыңғай сатып алушымен жасалған келісім шарттарды және алдағы аукциондық сауда-саттықты ескере отырып, жалпы қуаты шамамен 3,1 ГВт болатын жаңа ЖЭС салуды жоспарлап отыр. Бұл жобалардың басым бөлігі Қарағанды, Ақтөбе және Қостанай облыстарында жүзеге асырылады, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанның энергия теңгеріміндегі ЖЭК үлесі 6%-дан асты.